USD
USD
USD

Қызылшаның өршуі: екпе алмаған балаларды сабаққа кіргізбейді

Бас санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова ел аумағында қызылшаның өршуіне байланысты жаңа қаулыға қол қойды.

Қызылша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері елде 3 343 жағдай тіркелген, оның 84,2%-ы (2 816 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған.

«Жағдайлардың 77,6%-ында (2 594) екпе алмаған балалар ауырған: вакцинадан бас тарту себебінен – 1 448, медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша – 325, екпе жасына жетпеуіне байланысты – 778, өзге себептермен – 43. Ал 11,9% жағдайда (398) науқастардың екпе статусы белгісіз», – делінген хабарламада.

Халық арасында қызылшаның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында жаңа қаулы қабылданды. Қаулыда қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундауды ұлғайту көзделген. Соның ішінде:

  •  6 айдан 10 ай 29 күндік балаларды жағдай тұрақталғанға дейін иммундау; 
  •  2 жастан 5 жасқа дейінгі вакцинацияланбаған балаларға қосымша иммундау;
  •  қызылшаға қарсы вакцинацияланбаған 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға толықтыра иммундау;
  • 30 жасқа дейінгі вакцина алмаған денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері мен қызметкерлеріне иммундау жүргізу қарастырылған.

Қаулыға сәйкес, облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшылары:

  • білім беру объектілерінде және мектепке дейінгі ұйымдарда жіті респираторлық ауру көріністері бар тәрбиеленушілерге, оқушыларға, педагогтар мен тәрбиешілерге жол бермеу үшін «таңертеңгі сүзгі» жүргізуді;
  • қызылша жағдайларын тіркеу кезінде екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға және мектептерге жіберуді уақытша тоқтатуды;
  • иммундау мәселелері бойынша ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді қамтамасыз етуі тиіс.

Қаулы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілді.

Қазір оқып жатыр

Депутат Ербол Айтуов қайтыс болған клиникада жансақтау бөлімі болмаған

Ербол Айтуов

Перуашев «Штрафстан» сөзіне тағы жауап берді: Президенттің сынын сабақ ретінде қабылдау керек

Ақ жол

Жақсылық Омарға шыққан үкімнен кейін ШҚО әкімі отставкаға өтініш берген

Жақсылық, Сақтағанов

Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған мұнай компаниясы «ҚазМұнайГазға» өтті

.