USD
USD
USD

Қызылшаға қарсы екпе алғандар да ауырып жатыр: елде 6 мыңға жуық жағдай тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Nege.kz редакциясына берген мәліметіне сүйенсек, елдегі қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Жыл басынан бері Қазақстан бойынша 5 958 жағдай тіркелген.

қызылша
Фото: ЖИ көмегімен жасалған/Nege.kz

Астана, NEGE. ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқарма басшысының міндетін атқарушы Ажар Есентаеваның ақпарынша, тіркелген 5 958 жағдайдың 4 928-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Жалпы сырқаттану деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5 есеге артқан.

Ведомство ақпарына сәйкес, науқастардың басым бөлігі екпе алмағандар. Атап айтқанда, дертке шалдыққандардың 75,7%-ы вакцинациядан өтпеген. Оның ішінде 40,7%-ы екпеден бас тартқандар, 13%-ы медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты, ал 22%-ы егу жасына жетпеген балалар.

Соңғы аптада ел бойынша 179 жағдай тіркелген, яғни алдыңғы аптамен салыстырғанда көрсеткіш біршама төмендеген. Соған қарамастан, індеттің беті қайтар емес.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті екпе алғандардың да арасында індет жұқтыру дерегі барын жоққа шығармады.

«Егілгендердің де ауырғаны ара-тұра кездеседі, бірақ оларда ауру жеңіл өтеді және асқынулар болмайды. Науқастардың 22%-ы егу жасына жетпеген», – деді Ажар Есентаева.

Аймақтар бойынша ең көп жағдай Павлодар облысы, Астана, Алматы қалаларында және Қарағанды облысында тіркелген.

Мамандар қызылшаның таралуы ұжымдық иммунитет деңгейінің төмендеуімен тікелей байланысты екенін атап өтеді. Осыған байланысты елде жоспарлы иммундау жұмыстары жалғасып, індет ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар күшейтілген. Вакцина қоры жеткілікті, жағдай тұрақты бақылауда.

Қазір оқып жатыр

Халықтың рубльге деген сұранысы күрт өсті

.

Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған алматылық әйелге қатысты іс қозғалды

16 желтоқсан

Ақтауда өзіне қол салды деген келіншектің өлімін қайта тергейді

Маржан

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады

исабаева