USD
USD
USD

Қызылорда-Павлодар тас жолында 26 Өзбекстан азаматы бар автобус аударылды

Павлодар облысында Қызылорда-Павлодар тас жолында 26 өзбекстандық бар автобус аударылды, деп хабарлады ҚазТАГ.

Қызылорда-Павлодар тас жолында 26 Өзбекстан азаматы бар автобус аударылды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE.  «ЖКО 6 наурыз күні сағат 00.15-те Екібастұз ауылдық аймағында Қызылорда-Павлодар жолының 1160 шақырымында орын алған. Mercedes маркалы көлігі Новосібір – Ташкент бағытында жүріп келе жатқан. Автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, көлік аударылып кеткен. Салонда 28 адам болған, оның екеуі – ҚР азаматтары - жүргізушілер, қалған 26 жолаушы - Қазақстан Республикасының азаматтары», - деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өткендей, барлық 26 жолаушы да жолда келе жатқан көліктерге отырғызылды. Ал екі жүргізуші автобус жанында қалған.

«ЖКО орнына апат медицинасы орталығынан, жергілікті полиция қызметінен, жергілікті атқарушы органдардан қызметкерлер келген. Оқиға орнында жолаушыларды дәрігерлер қарап шықты. Оларды ауруханаға жатқызу қажет болмады. Зардап шегушілер жоқ», - деді облыстық ТЖД.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Қарағандының ғылыми қауымдастығымен кездесті

.

Ұлттың өркендеуі жеке бастың мәдениетімен тікелей байланысты – Ерлан Қарин

Конституция жобасын талқылау

«Ұмай» әйелдер ипотекасы конкурссыз берілмек

Ұмай

Никол Пашинян тамызда Армения үкіметі отставкаға кететінін мәлімдеді

Никол Пашинян