USD
USD
USD

Қызылордалықтар халықаралық әуежайдың жағдайына наразылық білдірді

Қызылорда тұрғындары "Қорқыт Ата" әуежайының халықаралық мәртебесін алып тастауды ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қызылордалықтар халықаралық әуежайдың жағдайына наразылық білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде қызылордалықтар "Қорқыт Ата" халықаралық әуежайының жағдайына наразылық білдіріп жатыр. Қала тұрғындарының айтуынша, онда дұрыс қызмет көрсетілмейді. Ұшуды күтіп тұрған адамдар баспалдақта немесе оның астында күтуге мәжбүр болады.

"Қорқыт Ата" халықаралық әуежайы күшті естіледі, ал шын мәнінде жағдайы нашар. Орындықтары қорқынышты күйде. Ана мен бала бөлмесі - жауап алу бөлмесі. Ұшу және ұшып келу туралы дыбыстық хабарлама берілмейді", - дейді тұрғындар.

"Қорқыт Ата" халықаралық әуежай қызметкері облыс әкімінің тапсырмасы бойынша нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Терминал ашылғаннан бері оған ұзақ уақыт бойы жөндеу жүргізілген жоқ. Бұл мәселе қала мен облыс басшылығының бақылауына алынды. Жақын арада жөндеу жұмыстары аяқталады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп жазылған әуе айлағының ресми жауабында.

 

Қазір оқып жатыр

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер