USD
USD
USD

Қызылордалық зияткерлер ғылыми жұмыстарын таныстырды

Сырбойылық зияткерлер қатарынан 19 зерттеу жұмысын таныстырып, ғалымдарды тамсандырды.

Қызылордалық зияткерлер ғылыми жұмыстарын таныстырды
Фото: NEGE.kz

Қызылорда, NEGE. NIS оқушылары арасында ұйымдастырылған желілік ғылыми жобалар сайысы сәтті өтті. Болашақ ғалымдар арасындағы додада 12-сынып оқушылары Шыңғыс Абдуллаев пен Әділ Өмірзақ жасанды интеллект арқылы зағип жандарға арналған қоғамдық көлік номерін анықтау құрылғысын әзірлеп, таныстырды. Ал, табиғат тазалығына ден қоятын 11-сыныптың оқушысы Арайлым Әшірмет ауаны ластаушы бөлшектерді анықтап қана қоймай,  одан қорғануға мүмкіндік беретін «эко-дабыл» жүйесін ұсынды.

Қызылордалық өнертапқыштардың жасағаны мұнымен бітпейді. Олар сондай-ақ «Naqyl soz» және «Көмек» секілді мобильді қосымшалар әзірлеп, химия,физика, биология, тілтану мен өлкетану  бағытындағы өзекті мәселелерді шешетін бірқатар идеяларын ортаға салды.

Жыл сайын  дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын желілік ғылыми жобалар  додадасына биыл ел өңірі бойынша 900-ден астам оқушы қатысуға неит білдірген. Олар 636 жоба қорғайтын болады. Соның ішінде қызылордалық зияткерлер 32 жоба ұсынған. Үздік деп танылған қатысушыларға республикалық сайыста бақ сынауға жолдама беріледі.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси