USD
USD
USD

Қызылордалық тұрғынның ауласынан 22 келіге жуық есірткі тәркіленді

Қызылорда облысында тұрғынның ауласынан 22 келіге жуық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордалық тұрғынның ауласынан 22 келіге жуық есірткі тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызылордалық полицейлер “Қарасора – 2023” және “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Сырдария ауданы, Бесарық ауылы тұрғынының мал қорасынан ірі есірткі алқабын анықтап, күдіктіні ұстаған. Жедел-тергеу тобымен тексеру барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің 35 түбі анықталды.

Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек, ұсталған азаматтың жеке заттарын, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: шланга, күрек, кетпен тәркілеген. Сараптама қорытындысына сәйкес, 35 түп сораның жалпы салмағы 22 келіге жуық болып шыққан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2–бөлігіне (Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс