USD
USD
USD

Қызылордалық тұрғын тыйым салынған діни әдебиетті тасымалдағаны үшін жазаланды

Қызылордалық тұрғынға тыйым салынған діни әдебиетті тасымалдағаны үшін 250 мың теңгеге жуық айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордалық тұрғын тыйым салынған діни әдебиетті тасымалдағаны үшін жазаланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Бішкек – Самара бағытындағы пойыз жолаушыларының бірінен Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни әдебиеттерді сақтау және тасымалдау фактісін анықтады.

Тексеру кезінде Қызылорда қаласының 21 жастағы тұрғыны белгілі болды. Дінтану сараптамасы діни әдебиеттің Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғанын көрсетті. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі (Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнімді сақтау, тасымалдау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс Меркі ауданының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Сот шешімімен аталған азаматқа 70 АЕК (241 500 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты