USD
USD
USD

Қызылордалық полицейлер вакцина салдырды

Қызылорда қалалық полиция басқармасында еңбек ететін 417 қызметкер «Спутник V» вакцинасын салдырды.

Қызылордалық полицейлер вакцина салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың қатарында қалалық полиция басқармасының басшылары да бар.

Қазірге дейін жеке құрамның бүгінде 417 қызметкері «Спутник V» вакцинасын салдырды. Полицейлердің алғашқы бөлігі екінші мәрте екпе қабылдап үлгерді.

Солардың бірі Жедел басқару орталығы бастығының орынбасары, полиция майоры Жандос Құлманов.

«Бүгін екінші мәрте екпе салдырттым. Жағдайым жақсы, тұрақты. Мен вакцинацияны өз еркіммен алғым келді. Ол алдымен өзіңді және туыстарыңды қорғау үшін қажет деп білемін. Отбасымда коронавиурс инфекциясымен ауырған ешкім жоқ, жұқтырмас үшін осындай таңдау жасап отырмын. Бұл өз денсаулығыма деген жауапкершілік деп білемін», – деді Жандос Құлманов.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру