USD
USD
USD

Қызылордалық парақор сотталды

«Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасы басшысының бұрынғы бірінші орынбасары, юстиция майоры Т.Тұрсынбаевқа қатысты пара алу фактісі бойынша сот үкімі шықты», – деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметінің баспасөз қызметі.

Қызылордалық парақор сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызылорда облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін Тұрсынбаевтың үстінен іс қозғап, 26 қараша күнгі Қызылорда қалалық №2 сотының шешімімен жауапты қызметтегі тұлғаның айыбы расталып, пара алу қылмысы үшін оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілуге жаза кесілгендігі хабарланған, аталмыш мәлімдемеде.

Қылмыстық-атқару жүйесі басқарма басшысының бұрынғы орынбасары өз қарамағындағы қызметкерден болашақта қызмет барысында қолдау көрсетіп отырамын деген желеумен 132 мың тенге көлемінде пара алған.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram