USD
USD
USD

Қызылордалық оқушы жаңа математикалық кесте ойлап тапты

Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі. 

Қызылордалық оқушы жаңа математикалық кесте ойлап тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Зерттеу жұмысының жүргізілу нәтижесінде Ұлттық зияткерлік меншік институты талабына сай жас автор Роза мен жетекшісі Ғабиден Төлебайұлына сандық куәлік берілді. Аталмыш кесте «Роза – өлшем бірліктер кестесі» деп ресми аталды.

Қызылорда қаласы И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінде білім алатын жас өреннің бұл жаңалығы «Зерде» республикалық ғылыми зерттеу жобалары конкурсының республикалық кезеңінде үздік деп танылып, ғалымдардың таңданысын туғызған. Нәтижесінде аталмыш байқауда Гран-при иегері атанды.

«Жобаның басты жаңалығы - математикалық өлшем бірліктермен жұмыс жасаудың әдістемелік кестесін есептер шығару барысында қолдану болып табылады. Математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін бұл жаңа кесте бүгінде білім беру ұйымдарында сабақ процесінде қолданылып келеді», – деді жетекшісі Ғабиден Төлебайұлы.

Айта кетейік, білім бәсекесінде 600-ге жуық қатысушының арасынан дара шыққан қызылордалық оқушының бұл еңбегі математика іліміне тағы бір жаңа формула ретінде енгізіліп отыр.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі