USD
USD
USD

Қызылордада түзеу мекемесіне трамадол өткізбек болған кәсіпкер ұсталды

Қызылордада кәсіпкер түзеу мекемесіне 200 дана трамадол алып кірмек болған жерінен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада түзеу мекемесіне трамадол өткізбек болған кәсіпкер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінінде мекеменің өндірістік аймағына өту мақсатында келген жұмыс берушіні мекеме қызметкерлері жеке тексеру барысында қос аяқ киімінің ішінен белгісіз зат табылды. Оқиға мекеме басшысына баяндалып, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақырылып, кәсіпкерден табылған зат тіркеуге алынды. Текеру барысында ақ түсті полиэтилен пакетке оралған 200 дана дәрі тәріздес зат екені анықталды. Кәсіпкердің сөзінше екі полиэтилен пакетке бөлініп жасырынған зат – трамадол.

Аталған дерек мекеменің режим бөлімі тексеру тобының бақылаушысы Досхожаев Мейірбектің анықтауымен тіркелді.

– Өз қызметімді орындау барысында мекеме сотталушыларын жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерді жеке тексеру кезінде екі аяқ киімінің ішінен белгісіз заттың жасырынғанын байқадым. Алып қарағанымда дәріге ұқсас дөңгелек заттың жасырынғанын байқап, дереу мекеме басшылығына баяндап, белгісіз заттың мекеменің ішкі аймағына енуінің алдын алдым,- деді режим бөлімі, тексеру тобының бақылаушысы Досхожаев Мейірбек.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының анықтау бөлімінің анықтаушысы Алмас Балтабайұлы кәсіпкерді өз құқығымен таныстырып, табылған зат пен қос аяқ киімін тәркіледі.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе