USD
USD
USD

Қызылордалық азаматтан 41 түп сор өсімдігі тәркіленді

“Қарасора - 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қармақшы ауданында өз үйінің ауласында сора өсімдігін өсірген Жосалы кентінің тұрғыны ұсталды.

Қызылордалық азаматтан 41 түп сор өсімдігі тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үй ауласынан 41 түп сора өсімдігі, 2 литр банкіге салынған өзіне тән ерекше иісі бар шөп және пластмас қорабына салынған кептірілген сора өсімдігіне ұқсас жапырақтары заттай дәлелдеме ретінде алынды. 

Сараптаманың қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 33 кг 747 гр сора өсімдігіне жататындығын бекіткен.

Күдікті азамат УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков

Ақтауда соқырішекпен түскен баланы дер кезінде қарамады деп айыпталған хирург өз уәжін жеткізді

Қанат Исмаил