USD
USD
USD

Қызылордалық әйел кәмелеттік жасқа толмаған қызының нәрестесін сатпақ болған

 Қызылорда қаласында әйел кәмелеттік жасқа толмаған қызының нәрестесін сатуға әрекет жасаған.

Қызылордалық әйел кәмелеттік жасқа толмаған қызының нәрестесін сатпақ болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде жарияланды. Онда анасы кәмелеттік жасқа толмаған қызының өмірге алып келген нәрестесін сатуға әрекеттенгені айтылған. Жасөспірім қыз кафелердің бірінде даяшы болып еңбек еткен.

Қызылорда облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның болғанын растады. Ол жөнінде төмендегіше түсініктеме берді.

«Осы жылдың 7 қыркүйегінде тіркелген дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігімен (кәмелетке толмағандар саудасы дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді», – деп жазылған департамент хабарламасында.

Оқиғаға байланысты облыстық білім басқармасы түсініктеме беріп, бақылауға алынғанын жеткізді.

«Оқиға тіркелген уақыттан бастап білім бөлімінің қамқоршылық қорғаншылық функциясын жүзеге асыратын орган мамандары бақылауға алды. Оған қатысты тиісті шаралар атқарылды. Бүгінгі таңда сәби кәмелетке толмаған анасының қолында екендігін жеткіземіз», – деді облыстық білім басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада саяжайдағы тұрғын үйден ер адамның мәйіті табылды.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық