USD
USD
USD

Қызылорда-Құмкөл тас жолы: 8 адам көз жұмды

«Қызылорда-Құмкөл тас жолында аударылған автобуста мерт болған жүргіншінің саны 8 адамға жетті» деп хабарлады, әкімшілік полициясы комитеті басшысының орынбасары Жанат Әбдірахманов Үкімет сағатынан кейін журналистерге.

Қызылорда-Құмкөл тас жолы: 8 адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Оқиға Қызылордадан 85 шақырым жерде, Қызылорда-Құмкөл тас жолында таңғы сағат 5-тер шамасында болған. Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, Құмкөл мұнай өндіру компаниясына тиесілі автобус Шымкент қаласында тіркелген. Қазір жедел-тергеу тобы құрылып, аударылған автобустың техникалық жағдайы анықталуда. Сондай-ақ, апат болған жол бойын төтенше жағдай инспекциясы мамандары тексеруді бастап кетті.

Автобус салонында болған 35 адамның 21-і түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент