Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды

Ғанибек Қазантаев Қызылорда қаласының әкім болып тағайындалды.

Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қызылорда қалалық мәслихатының келісімдері бойынша облыс әкімінің 2021 жылдың 8 сәуірдегі өкімімен Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

2019 жылдың қыркүйегінен бері ол "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Оңтүстік өңіраралық Басқармасы" РММ басшысы болған.

Қазантаев Ганибек Конысбекович 1960 жыл Қызылорда  облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Жамбылгидромелиоративтік құрылыс институтын инженер құрылысшы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетін  мұнай-газ  кен орындарының инженері мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1980 жылы Жалағаш ауданында жылжымалы механикаландырылған колоннаның мастері болып бастады.

1981-1983 жылдары  Кеңес әскері қатарында болды.

1983-1992 жылдары Қызылорда облысындағы құрылыс мекемелерінде мастер, өндіріс-техникалық бөлімінің бастығы, бас инженер болып қызмет атқарды.

1992-2013 жылдың 30 маусымына дейін "Нефтегаз строй Кызылорда" корпорациясының президенті, "АйДан" ЖШС-гі атқарушы директоры, "Ақмешіт" АҚ  президенті, "Сырдария мұнай" АҚ Бас директоры, "Транснефтьсервис" БК" ЖШС-нің  Бас директоры, 2007 жылдан 2013 жылға дейін "Kazpetrol Group" ЖШС-нің атқарушы директоры болды.

2013 - 2019 жылы Сырдария ауданының әкімі қызметін  атқарды.

2019 жылдың қазан айынан бастап Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқарма басшысы қызметіне келді.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Енді фонограммамен ән айтқан әншілерге 400 мың теңгеден жоғары айыппұл салынады

Микрофон

Алматы облысында жеке сот орындаушысы құмар ойынға 140 млн теңгеге жуық қаржы салған

жеке сот орындаушысы

Тоқаев Сыртқы саясат тұжырымдамасынан Назарбаевтың өмір бойғы құқығын алып тастады

Назарбаев