USD
USD
USD

Қызылордадағы 8 науқас коронавирусты қайдан жұқтырған?

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған соңғы сегіз науқастың оны қайдан жұқтырғаны белгілі болды.

Қызылордадағы 8 науқас коронавирусты қайдан жұқтырған?
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Олардың алтауы Сырдария ауданынан тіркелсе, екеуі Қызылорда қаласында тұрады. Жас шамасы бойынша ең үлкені 1970 жылы дүниеге келген ер адам болса, ең жасы 2002 жылғы қыз бала. Барлығы бұдан бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен қарым-қатынаста болған.

«Қазір облыста аталған диагноз қойылған 100 адам бар. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Бүгінгі күнге дейін жүргізілген эпидзерттеу нәтижесі бойынша науқастармен байланыста болған 1174 азамат анықталды. Оның ішінде тығыз қарым-қатынаста болғандар саны – 585, ықтимал қарым-қатынаста болғандар саны – 589 адам. Стационарларда медициналық бақылауға 545 адам алынды, үй жағдайындағы бақылаудағылардың саны – 629 адам», – деп мәлім етті Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

9 сәуірдегі жағдай бойынша аймақта коронавирус инфекциясына шалдыққан 100 адам анықталды. Оның ішінде Қызылорда қаласында – 12 жағдай тіркелсе, аудандар бойынша Жаңақорғанда -16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 52, Сырдарияда - 14, Аралда – 2 жағдай орын алды. Бұдан бұрын Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанғандығы хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті