USD
USD
USD

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

Қызылорда қаласында орналасқан шағын тоннажды мұнай өңдеу зауыттарының бірінің аумағында әрқайсысының сыйымдылығы 60 тонна болатын екі резервуар өртенді. Резервуарларда жалпы көлемі 120 тонна мұнай өнімі болған.

мұнай өңдеу зауытындағы өрт
Фото: Видеодан кадр/ТЖД

Астана, NEGE. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде резервуарлар ашық жалынмен жанып жатқан. Өртке оранған екі резервуардың жанындағы тағы үш резервуарға өрт таралу қаупі туған.

Ведомсвтоның ақпаратынша, өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да қызметтердің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Көршілес резервуарларды қорғау үшін тасымалды лафеттік оқпандар беріліп, көбікпен шабуыл жасалды. Қосымша өрт сөндіру пойызы тартылды.

«Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында жалынның таралуына жол берілмей, жанындағы үш резервуар зақымданған жоқ. Өрт 200 шаршы метр аумақта толық сөндірілді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Зерттеу жүргізу үшін өрт сынақ зертханасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы