Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қызылордада жүкті әйел сауда үйінен құндыз тон ұрлап кеткен (видео)

Қызылордада жүкті әйел сауда үйінен құндыз тон ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада жүкті әйел сауда үйінен құндыз тон ұрлап кеткен (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 5 желтоқсан күні сағат 14:30 шамасында Қызылорда қаласы ПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері “ізін суытпай” ұрлық қылмысын ашты. Сол күні “102” арнасына қала аумағындағы ірі сауда үйінің бірінен жәбірленушіге тиесілі құндыз тонның ұрлағандығы жөнінде хабарлама тіркелді.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында қылмысқа күдікті, бұрын сотты болған 28 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта тон иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті азаматша басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Полицейлер оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды. Жәбірленуші азаматша әлеуметтік желі арқылы бейнежазбамен криминалды полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример