USD
USD
USD

Қызылордада жылқылар қырылып жатыр

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жылқылардың қырылуына байланысты тиісті сала мамандары түсінік берді.

Қызылордада жылқылар қырылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған дерек алғаш 14 тамызда тіркелген. Одан кейін аудандағы Байкенже, Қожакент, Өзгент, Машбек Нәлібаев ауылдарында жылқы малы белгісіз себептермен ауырған. Олардың кейбірі өлім-жітімге ұшыраған.

«Жергілікті ветеринариялық дәрігерлер ауру ошағында болды. Ауырып тұрған жылқылардың клиникалық белгілері нақтыланды. Өлген жылқылардың басын тексергенде гастрофилез құрттары бар екендігі белгілі болды. Кейбір БАҚ-да айтылған 200 бас жылқының өлгендігі анықталған жоқ. Жалпы, ауданда 94 бас жылқы аталған ауруға шалдыққан. Жергілікті ветеринариялық дәрігерлер 29 жылқының өлгенін нақтылады. Қалғанын ветеринар дәрігерлер емдеп жазып шықты», - деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов.

Оның айтуынша, бұл паразитарлық ауруларға жатады. Оған қарсы іс-шаралар мал иесінің өз қаражаты есебінен жүргізілуі тиіс.

«Жылқы гастрофилезі ауру ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы бұйрығымен бекітілген «Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарларлан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін кездегі жануарлардың аса қауіпті аурулар тізбесіне» енгізілмеген. Сондықтан мал иелеріне өтемақы қарастырылмайды. Тағы бір айта кетерлігі, мал иелері жылқысы ауырып тұрғандығы жөнінде ветеринариялық дәрігерлерге уақытылы хабарламаған. Бұл ауру бөгелек құрттарынан пайда болады. Сондықтан оның алдын алу шаралары жүргізілуі тиіс. Олай болмаған жағдайда бөгелек құрттары жылқы ағзасында ересек құрттарға айналады. Емдік шараларды жүргізу тиімсіз болады. Оның соңы өлім-жітімге соқтырады», - деді Е.Әпетов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері