USD
USD
USD

Қызылордада жедел жәрдем қызметкерлері жол апатынан көз жұмды

Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасынан жедел жәрдем қызметкерлері көз жұмды, - деп хабарлайды Қазақпарат. 

Қызылордада жедел жәрдем қызметкерлері жол апатынан көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Жол-көлік оқиғасынан екі адам медициналық мекемеде көз жұмды. Тексеру барысында «Toyota Land Crusier» автокөлігінің жүргізушісі орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды. Бұл азамат 2016 жылғы қараша айында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 6-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Ведомство мәліметінше, «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргізушісі Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Облыс орталығындағы №5 емхана ұжымы фельдшер Жадыра Омарова және жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Бақытжан Маенов қызмет бабында қаза тапқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков