USD
USD
USD

Қызылордада жазасын өтеуші суицид жасады

Қызылордада Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі аралас мекемесінде жазасын өтеуші өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылордада жазасын өтеуші суицид жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығы барды. Бейнебақылау камераларынан материалдар зерделеніп, басқа сотталғандармен сұхбат жүргізілді.

«Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз іс-әрекеттер болмағандығы анықталды. Суицид жасаған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігімен сотталған. Айта кету керек, сотталған өз-өзіне қол жұмсауға бейім ретінде мекеменің психологиялық қызметінің профилактикалық есебінде тұрған. Сонымен қоса оған «органикалық галлюциноз» диагнозы қойылған», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

Ведомство мәліментінше, қазіргі таңда қызметтік тексеріс тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан