USD
USD
USD

Қызылордада жасөспірім кәріз құдығына құлап кеткен сәбиді алып шықты

Қызылордада жас жігіт кәріз құдығына құлап кеткен сәбиді алып шықты, деп хабарлайды Tengrinews.

Қызылордада жасөспірім кәріз құдығына құлап кеткен сәбиді алып шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Куәгерлердің айтуынша, оқиға облыс орталығындағы супермаркет маңында болған.

"Шамамен 2-3 жасар бала төрт метрдей тереңдіктегі кәріз құдығына құлап кеткен. Оның артынан белгісіз жасөспірім шұңқырға секіріп, сәбиді алып шықты", - дейді оқиға куәгерлері.

Құлаған бала мен жасөспірім аман-есен. Жедел жәрдем қызметі қызметкерлерінің айтуынша, сәбидің ата-анасы олардан көмек сұрамаған. Бұл факт ТЖД-да да тіркелмеген. Жасөспірім кім екені де анықталған жоқ.

"Қызылорда су жүйесі" МКК мамандары құдық жабылғанын айтты.

"Біздің мамандар оқиға болған ауданда Kaspi bank ғимаратына келген ауыр көліктер кәріз қақпағын жылжытып кеткенін анықтады. Қызметкерлер тиісті жұмыстарды жүргізіп, қақпақты дәнекерледі", - дейді кәсіпорын өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт