USD
USD
USD

Қызылордада жаңа мектеп қолданысқа берілді

Қызылорда облысының 85 жылдығы аясында «Бәйтерек» шағын ауданындағы №287 орта мектеп ел игілігіне берілді.

Қызылордада жаңа мектеп қолданысқа берілді
Фото: NEGE.kz

Қызылорда, NEGE. Жаңа білім ордасы үш ауысым бойынша білім беретін №261, №280 мектептердегі оқушылар жүктемесін азайтады деп жоспарланған.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты жиынға қатысып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Облыс башысының мәлімдеуінше, Үкіметтің қолдауымен Сыр өңірінде білім саласына қатысты түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы екі жылда 12 300 орындықтан тұратын  21 мектеп салынады. Ағымдағы жылы  10 мектептің іргетасы қаланса, оның бесеуі облыс орталығында орын теппек. Сондай-ақ алда «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 2,3 млрд. теңгенің 350 орындықтан тұратын заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының  құрылысы басталады.  Ал Сырдария өзенінің сол жағалауында «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен салынатын құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын музыкалық колледждің жаңа ғимаратының құрылысы қараша айында басталады деп жоспарланған. Бұған қоса жыл аяғына дейін ауыл балаларына арналған 900 орындық 4 мектеп пайдалануға беріледі.

Салтанатты іс-шараға облыстық білім саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Ғалым Бекенов те қатысып, білім ордасының ашылуына қуанышын жеткізді. Ал еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Қорғанбек Қайруллаев бата беріп, білім алушыларға ақжол тіледі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қызылорда облысының  бюджеті 604,1 млрд. теңгеге жетсе, оның 260 млрд. теңгесі білім саласына бағытталған екен.

Жаңа оқу жылында өңір бойынша 17 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттаған. 2022-2023 оқу жылында облыс бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 7 219 түлектің 4 973-ы мемлекеттік грантқа қол жеткізсе, өңірге қажетті мамандықтар бойынша 100 түлекке облыс әкімінің гранты тағайындалған. Осы ретте облыстық бюджеттен 85,2 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси