USD
USD
USD

Қызылордада жаңа әуежайдың іргетасы қаланды

Қызылордада жаңа әуежай терминалының іргетасы қаланды. Жоба халықаралық талаптарға сай жасалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызылордада жаңа әуежайдың іргетасы қаланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңадан бой көтеретін нысанның аумағы 7,5 мың шаршы метрді құрайды. Жоба құны – 31 млн АҚШ доллары.

Бұл құрылыс өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізбек.

Әуе көлігі қызметін халықаралық деңгейге жеткізуге, авиациялық қауіпсіздікті күшейтуге, жаңа әуе бағыттарының ашылуына мүмкіндік артады, - дейді мамандар.

Қазір «Қорқыт ата» әуежайынан жылына 1400 рейс орындалса, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 3000-ға жетеді деп күтіліп отыр. Тасымалданған жолаушы саны 260 мыңнан 500 мыңға дейін көбейеді. Ал жүк тасымалы 150-ден 300 тоннаға дейін артады деп межеленіп отыр.

- Бұл жоба өте қысқа мерзімде салынады, біріншіден. Ол қаражаттың арқасында. Бәрі уақыты болғандықтан. Қазір геополитикалық жағдайдан логистикада қиын жағдай болып жатқанын білесіздер. Сондықтан алдын ала бәріне тапсырыс беріп, метериалдарды ерте бастан әкеп қоюды жөн көріп жатырмыз, - дейді тапсырыс беруші компания өкілі Айдын Тұрғанбаев.

Қазір оқып жатыр

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.