USD
USD
USD

Қызылордада жалдамалы пәтердегі төбелес: Полиция суық қару қолданғандарды ұстады

13 мамыр таңғы сағат 7 шамасында көпқабатты тұрғын үй ауласында белгісіз азаматтар жанжалдасып, төбелес кезінде қару қолданған. Төбелеске қатысқан бірнеше азамат ұсталып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылордада жалдамалы пәтердегі төбелес: Полиция суық қару қолданғандарды ұстады
Фото: NEGE.kz

Қызылорда, NEGE. Полиция жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп, кейін пышақ және травматикалық қару қолданып,төбелескенін, кейін барлығы оқиға орнынан бой тасалағанын анықтады. 

Екі күдікті қала аумағында ұсталса, тағы екеуі автокөлікпен Самара-Шымкент тас жолында құрықталды.

Қалған күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталғандар Шымкент қаласының және Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты.

Оқиға орнынан және автокөліктен айғақты заттар алынды. Екі адамға медициналық көмек көрсетілді.

ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank