USD
USD
USD

Қызылордада түрмеге тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған тұрғын ұсталды

Қызылордада түрмеге тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада түрмеге тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған тұрғын ұсталды
Фото: NEGE.kz

Қызылорда, NEGE. 7 желтоқсанда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлеріне жедел ақпарат түсті. Таңғы 07:00 шамасында мекеме қоршауынан сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған қала тұрғыны құрықталды.

Жедел түрде “102” нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Ұсталған ер адамнан төрт дана нығыздалып оралған өзіне тән хош иісі бар шөп тектес өсімдік, ұялы телефонның батарейкасы және трамадол дәрісіне ұқсас зат тәркіленеді. Тәркіленген заттар бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе