USD
USD
USD

Қызылордада түнгі клубтардың бірінде бұзақылық жасаған күдікті ұсталды

7 ақпан күні сағат 01:31 шамасында Қызылорда қаласы полиция басқармасына қала аумағындағы түнгі клубтардың бірінде төбелес орын алғаны жайлы хабарлама түскен, деп хабарлады Полиция. 

Қызылордада түнгі клубтардың бірінде бұзақылық жасаған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, сырттан келген азамат жәбірленушімен сөзге келіп, кейін жанжал төбелеске ұласқан. Күдікті атыс қаруын пайдаланып, жәбірленушіге дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Оқиға орнынан айғақ заттар алынды. Қалалық ауруханада жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты. Жедел – іздестіру іс-шараларының нәтижесінде істі болған 23 жастағы азамат ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен "Бұзақылық" сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті