USD
USD
USD

Қызылордада туберкулез өршіп тұр

Өңірде биыл бірінші тоқсанда 97 адам туберкулез жұқтырған. Бұл - өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17 процентке жоғары.

Қызылордада туберкулез өршіп тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ауруға шалдыққандардың 94%-і - өкпе туберкулезін жұқтырған. Сондай-ақ, тең жарымында туберкулездің жұқпалы, яғни ашық түрі екендігі анықталды.

«Індетке шалдыққандардың 70 проценті - әлеуметтік белсенді топтар болып отыр, негізінен 18-64 жас аралығындағы адамдар. Олардың қатарында туберкулез жұқтырған 38 жұмыссыз, 24 зейнеткер, 7-і мектеп оқушысы мен студент бар», - дейді Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Ведомство мәліметінше, соңғы 2 жылда коронавирус пандемиясы туберкулез індетіне қарсы тиісті профилактикалық шаралардың уақытлы жүргізілуіне кері әсерін тигізді. Туберкулезді анықтау сынамаларын қоюға және екпе жүргізуге қарсылық танытқандар саны артқан.

Қазір оқып жатыр

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан