USD
USD
USD

Қызылордада Роза Бағланованың ескерткіші ашылды

 Қызылорда қаласында бүгін Қазақстан және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың ескерткіші ашылды. 

Қызылордада Роза Бағланованың ескерткіші ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы бүгінде ЮНЕСКО және республика көлемінде аталып өтіп жатыр. Айтулы датаға байланысты шаралар 20-21 сәуір күндері Сыр өңірінде жалғасты. «Сырда өнердің тойы басталды. Сырдан қанаттанып, өресі биік ән падишасына айналған ғазиз-ғұмыр иесінің мерейтойлық шаралары Қызылорда қаласының орталық алаңында Роза Бағланова ескерткішінің ашылуымен бастау алды. Ескерткіштің авторлары – мүсіншілер Мұрат Сыдықов пен Бауыржан Кененбай. Оның биіктігі –  5,7 метр. Тұғыры граниттен, ескерткіштің негізі қоладан құйылған», – деді Жанат Ашанқызы.

Белгілі әншінің кезінде продюсері болған Қуаныш Абдухалимов Роза Тәжібайқызы «Ғасыр адамы» екенін атап өтті. Аңыз адамды ұлықтау тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. Роза Бағланованың ұлы Тәжен Бағланов анасы туралы жылы естеліктер айтты. «Анамның құрметіне Алматы қаласында мұражай ашылады. Сондай-ақ, туған жері – Қазалы ауданында да мұражай бар. Аталған орындарға анамның естелік заттарын ұсынуды жөн көріп отырмын», – деді Тәжен Бағланов. Белгілі әншінің мерейтойлық шаралары екі күнге созылады. Аталған шара аясында биыл «Ақмаңдайлым» республикалық әншілер конкурсына барлық өңірден қатысқан 200 талапкердің арасынан 15-і іріктеліп алынды. Еске салсақ, бұдан бұрын Ресейдің Астрахан облысында Роза Бағланованың 100 жылдығы атап өтілді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір тәулікте бес орман өрті тіркелді

өрт

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицейдің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья