USD
USD
USD

Қызылордада полиция басшысы есірткі сатқаны үшін ұсталды

Қызылорда облысының полиция департаменті Қызылорда қалалық полиция басқармасы басшысының ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Қызылордада полиция басшысы есірткі сатқаны үшін ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еске салсақ, бұған дейін БАҚ-та Қызылорда қалалық ІІБ бастығының есірткі сатумен ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ақпаратқа сәйкес, ПБ басшысынан бөлек, Шиелі аудандық полиция бөлімінің басшысы парақорлық фактісімен ұсталған. 

"Қызылорда қалалық ІІБ бастығы Н. Ағаділовке қатысты жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ол кезекті еңбек демалысында, бүгінгі күнге дейін оған қатысты процессуалдық шара қолданылған жоқ", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысының ПД басшылығы полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты кез келген істі өрескел және жол беруге болмайтын жайт деп санайтынын айтты. 

"Қызметтік тәртіп пен заңды нығайту, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау бойынша кешенді жұмыстар  тұрақты негізде жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды ведомство өкілдері. 

Қазір оқып жатыр

Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығын ірі жобаларды кешіктіргені үшін сынға алды

.

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов