USD
USD
USD

Қызылордада пойыз тұрағында вагон тіркеуші көз жұмды

Қызылорда қаласына қарасты Белкөл стансасының пойыз тұрағында вагон тіркеуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада пойыз тұрағында вагон тіркеуші көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға 29 қаңтарда болған. 39 жастағы ер адам тіркеу кезінде екі вагонның ортасында қысылып қалған. «Ол вагондарды тіркеу барысында екі вагонның ортасында қысылып, оқиға орнында көз жұмған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ол бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда стансасы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерболат Сексенбаев. Еске слаа кетсек, таяуда Қызылорда облысында екі контейнер өртеніп үш адамды күйік шалды.

Қазір оқып жатыр

«Қазгидромет» Ташкент ауасының ластануына Қазақстанның қатысы бар деген айыптауды теріске шығарды

Ташкент

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Құрылыс

Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салды

мұнай компаниясы

Қазақстанда тағы үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Банкир