USD
USD
USD

Қызылордада пара алды деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

 Қызылордада пара алу күдігімен Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкері ұсталды.

Қызылордада пара алды деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осыған байланысты облыстық полиция департаменті түсінік берді. Ведомство мәліметінше, Қызылорда облысының полиция департаменті​ өз қызметкерлері қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қатаң шаралар қабылдап жатыр. Осы бағытта департамент басшылығымен жеке құрам арасында төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде тексеру жүргізілуде. «Департаментттің өзіндік қауіпсіздік​ басқармасы арнайы шара​ аясында 23 қараша күні заңсыз әрекеті үшін Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерін ​ұстады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің ​ 366-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ​Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспсөз қызметінен.

Қазіргі таңда қызметтік тергеу басталған. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.​«Осы қызметке тағайындалған күннен бастап департамент және өзге де құзырлы органдармен бірлесіп аталған бағытта тиісті іс-шараларды қолға алдық. Бұл мақсатта алдағы уақытта да күрес жүргізіледі. Полицей беделіне нұқсан келтіретін қызметкерлерге қатарымызда орын жоқ. Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары жалғасады» - деді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан. ​Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қасақана көлік өртенгендер қолға түскенін хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов

«Қазақмыста» тағы да еңбек дауы: кеншілер басшылыққа қандай талап қойды?

.