USD
USD
USD

Қызылордада мұғалім оқушыға азғындық жасаған

Желіде Қызылорда облысындағы мектеп мұғалімдерінің оқушыға зорлық жасады деп күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды.

Қызылордада мұғалім оқушыға азғындық жасаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаментінің өкілдері мұғалім ұсталғанын хабарлады, деп жазады nur.kz.

EGOV.PRESS Telegram-арнасында Қызылорда облысындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру мұғалімі оқушыға заңға қайшы әрекет жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат жарияланды.

Қызылорда облысының полиция департаменті NUR.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында бұл дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 124-бабы (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша дерек жария етілмейді", - делінген облыстық полиция департаменті хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар