USD
USD
USD

Қызылордада ломбардтан 300 млн теңгеге бұйымдар ұрлаған екі күдікті ұсталды

Қызылордада ломбардтан 300 млн теңгеге бұйымдар ұрлаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада ломбардтан 300 млн теңгеге бұйымдар ұрлаған екі күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде Қызылорда қаласында орналасқан “Ломбард” мекемесінен жалпы құны 300 млн теңге болатын алтын бұйымдар ұрланған.

Орын алған дерек бойынша ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен (Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс тіркелген.

Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті