USD
USD
USD

Қызылордада көшеде қару ұстап жүрген тұрғын ұсталды

Қызылорда облысында көшеден заңсыз қару алып жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаметі.

Қызылордада көшеде қару ұстап жүрген тұрғын ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыста «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара аясында Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Әйтеке би кентінде жанармай құю бекеті тұсында қару ұстап келе жатқан 22 жастағы тұрғынды тоқтатты.

«Тексеру барысында тұрғыннан ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ 16 калибрлі қос ауыз аңшы мылтығы анықталды. Анықталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Онда ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын сақтау, алып жүру, тасымалдау жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаметінен.

Еске салсақ, Қызылорда облысында енесін ұрған келін 30 тәулікке қамалды.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік