USD
USD
USD

Қызылордада қоғамдық орындар жабылады

Коронавирус инфекциясының алдын алу бағытында Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы жедел штаб осындай шешім қабылдады.

Қызылордада қоғамдық орындар жабылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысындағы тапсырмаға сәйкес қолға алынып отыр. Қызылорда қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты осындай шешім қабылданды.

«Енді 20-21 маусымда саябақтар (Тұңғыш Президент паркі, қалалық темір жол вокзалы жанындағы, Б.Шөкенов атындағы және өзге де бақтар), жағалаулар мен аквапарктер, қоғамдық орындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, 65 жастан асқан азаматтардың көшеде жүруі шектеледі», - деді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов. Сондай-ақ, Шиелі ауданында карантин талаптары күшейтілді. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова

Алматыда жаңадан төселген тротуар опырылып түсті

Опырылған тротуар