USD
USD
USD

Қызылордада қызықты «Жайдарман» сайысы өтті

Жас таланттардың басын қосқан облыстық «Жайдарман» сайысының финалдық кезеңі ойдағыдай өтті.

Қызылордада қызықты «Жайдарман» сайысы өтті
Фото: NEGE.kz

Қызылорда, NEGE. Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған шара Қызылорда облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Өңірдегі барлық аудан орталықтарында өткен іріктеу кезеңдеріне оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларынан құралған 70 команда қатысқан. Олардың ішінде үздік деп танылған 10 команда финалдық кезеңде бақтарын сынап, әзілсүйер қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Көрерменді күлдіре отырып, терең ойға жетелеген сайыста «Мәншүк құрамасы» (Қызылорда қаласы) – І орын, «Заңғар құрамасы» (Жаңақорған ауданы) – ІІ орын, «Шиелі жастар құрамасы» – ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ озық шыққан жеңімпаз командаларға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлық сертификаттары берілді.
Отансүйгіштікті насихаттауға қосқан үлестері үшін барлық қатысушы командаларға Қызылорда облысы әкімдігінің Алғыс хаты табысталды.

Аймақта «Жайдарман» қозғалысын мемлекеттік тілде дамыту бағытында тұрақты түрде шаралар ұйымдастырылып келеді.
Осы ретте Қызылорда облысына қарасты 7 аудан орталығы мен Байқоңыр қаласында арнайы жайдарман лигалары құрылып, жергілікті мәдениет ошақтарында  сайыстар өтіп тұрады.

Өңірде студенттер мен мектеп оқушыларынан құралған лигалар құрамында 25 команда, ал аудан мен ауылдардағы шығармашыл жастардан құралған 60 команда бар. Олардың құрамында 1000-нан астам жастар өнерін ортаға салып жүр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты