USD
USD
USD

Қызылордада Қасым-Жомарт дүниеге келді

Жалағаш ауданында сайлау күні Қорғанбаевтар отбасында ұл дүниеге келді. Науқан күні өмір есігін ашқан сәбиге ата-анасы Қасым-Жомарт деп есім берді, деп жазды BAQ.KZ.

Қызылордада Қасым-Жомарт дүниеге келді
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Немересінің есімін атасы, Жалағаш ауданына белігі суретші Жұматай Қорғанбаев қойыпты. Ал әжесі кітапқанада ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнетке шықса, баланың анасы аудан орталығындағы №201 мектеп-лицейінің мұғалімі екен. Баланың әкесі Қанаттың өзі – ішкі істер саласында еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі тәртіп сақшысы. Бүгінде ол Жалағаш кентінде учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс жасайды.

Айта кетейік, аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов перзентханаға барып, бүгін дүние есігін ашқан сәбидің анасын құттықтады. Аудан әкімінің гүлі мен сый-сыяпатын табыстаған.

Бүгінде 4 келі 400 грамм, бойы 55 см болып туған Қасым-Жомарттың да, анасының да жағдайы жақсы.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық