USD
USD
USD

Қызылордада дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды

Қызылорда қаласында дәрі-дәрмек тапшылығының алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда. 

Қызылордада дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыс орталығында дәрі тапшылығын болдырмау үшін қала әкімдігі және тиісті мекемелер арасында келісім жасалған. Осының негізінде сұраныс білдірген 30 дәріханаға аптасына 3 мәрте фармацевтикалық өнімдер жеткізіледі. Қажетті дәрілер тізіміне эйфулин, дексаметазон, леовит, С витамині, глюкоза, цефазалин сынды дәрілер енгізілген.

Олардың қатарында басқа да дене қызуын түсіретін дәрілік препараттар бар. Осы мақсатта бүгін Қызылордаға Шымкент қаласынан 100 мыңға жуық дәрі-дәрмек жеткізілді. Ол қала әкімдігінің Шымкент және Алматы қалаларындағы дәрі-дәрмек өндіруші кәсіпкерлермен қажетті өнімдерді алу жөніндегі жасаған келісімі негізінде жүзеге асырылып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов