USD
USD
USD

Қызылордада бір-біріне оқ атқан күдіктілер қолға түсті

Қызылордада үй ауласында төбелесіп, бір-біріне оқ атқан күдіктілер ұсталды, - деп хабарлады

Қызылордада бір-біріне оқ атқан күдіктілер қолға түсті
Фото: NEGE.kz

«Астана» телеарнасы.

Алматы, NEGE. Қызылордалық полицейлер ізін суытпай бұзақылық жасаған күдіктілерді құрықтады. Олар үй ауласында төбелесіп, бір-біріне оқ атқан.

13 мамыр күні таңғы сағат 7 шамасында ПБ-ға көпқабатты үй ауласында белгісіз азаматтар қару қолданып, төбелесіп жатқандығы туралы хабарлама түскен.

Жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп қалып, кейін пышақ және травматикалық қару қолданып, жанжалдасып, барлығы оқиға орнынан бой тасалағаны белгілі болды.

Екі күдікті қала аумағында ұсталса, тағы екеуі автокөлікпен Самара-Шымкент тас жолында құрықталды.

Қалған күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталғандар Шымкент қаласының және Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты.

Оқиға орнынан және автокөліктен айғақты заттар алынды. Екі адамға медициналық көмек көрсетілді.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік