USD
USD
USD

Қызылордада аптап ыстықтан қаланың бірқатар бөлігі жарықсыз қалды

Қызылордада күннің қатты ысуы салдарынан қаланың бірқатар бөлігі жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылордада аптап ыстықтан қаланың бірқатар бөлігі жарықсыз қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір өңірде күннің қатты ысуы байқалып отыр. Салдарынан кеше, 24 маусымда кешке қарай KEGOC компаниясының қосалқы станциясындағы 35 кВ әуе желісінде жүктеме күрт көбейді. Сымдар бойы қызып кеткендіктен үзіліп, апаттық ағытулар көрініс берді.

«Осыған байланысты Тасбөгет, Сәулет, Бәйтерек шағын аудандарында электр жарығын беру уақытша тоқтатылды. Облыс орталығында жаңа тұрғын үйлер көптеп салынуда. Ол электр желісіне түсетін жүктеменің жыл санап артуына себепкер болып отыр. Нақты айтсақ, 100 үйге есептелген электр қондырғысы қазір шамамен 300 үйді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қалалық электр желісі жарты ғасырдан астам уақыттан бері халыққа қызмет жасап келеді. Аталған электр желілері қайта жаңғыртуды қажет етеді», - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Абай Тағыберген.

Айтуынша, «Қызылорда электр тарату тораптары» мекемесінің қызметкерлері апаттық жағдайды қалпына келтіру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде электр энергиясы қалпына келтірілді.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция