USD
USD
USD

Қызылордада «Warner Bros» қаржы пирамидасы бөлімшесінің бастығы сотталды

Қаржы мониторингі агенттігі Қызылорда қаласында «Warner Bros» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған азаматтың бес жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.

Сталкинг
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Тергеп-тексеру іс-шараларын агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізген.

Ұйымдастырушы тұрғындарды қаржы пирамидасына «Warner Bros» платформасы арқылы қысқа бейнероликтер мен фильмдерді көріп, табыс табуға болады деген желеумен тартқан. Схеманы насихаттау үшін WhatsApp топтары, әлеуметтік желілердегі жарнамалар және үгіт-насихат кездесулері пайдаланылған.

«Қатысушыларға рефералдық сілтеме арқылы тіркеліп, құны 10 мың теңгеден 11 млн теңгеге дейінгі VIP-пакеттердің бірін сатып алу ұсынылған. Бұл ретте күніне 735 мың теңгеге дейін табыс табуға болатыны уәде етілген. Әрбір жаңа қатысушы үшін бонус төленіп отырған, бұл азаматтарды жүйеге тұрақты түрде тартуға ынталандырған», – делінген ҚМА хабарламасында.

Салымшылардың қаражатын жинақтау және аудару үшін криптоәмияндар қолданылған.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және 3 млн USDT көлеміндегі криптоактивтерін бұғаттады.

Сондай-ақ 24 жәбірленушінің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Қадырбек Шынбаев

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа кокс батареялары мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық