USD
USD
USD

Қызылордада түнгі клубта адамды есеңгірететін азот оксиді сатылған

Қызылорда облысында полицейлер түнгі клубта адамды есеңгірететін азот оксидін сату дерегін анықтады.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында түңгі клубта азот оксиді құйылған шарлар ашық сатылып жатқан туралы ақпарат тараған еді.

«Облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері түнгі клубқа рейд жүргізді. Нәтижесінде ол жерден 2 дана 10 литрлік газ баллоны анықталды. Оған қоса полиэтилен пакетіне салынған шариктер, «кальян» аппараты заттай дәлел ретінде алынды. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексі 310-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті басталды. Онда дәрiлiк немесе басқа да құралдарды пайдаланып есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау жағдайы көрсетілген», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, полицейлер қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты қадағалау бағытында нақты жұмыстар жүргізіп келеді.

Демалыс күндері қалада күшейтілген режимде әрбір ойын-сауық орталығына тексеру жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті