USD
USD
USD

Қызылордада сотталған ер адам электронды білезігін үзіп тастағаны үшін қайтадан темір торға қамалды

Қызылордада электронды білезігін үзіп тастаған сотталған темір торға қамалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қызылордада пробация есебінде тұрған сотталған азамат электронды бақылау құрылғысын мас күйінде үзіп тастағаны үшін жазасының қалған бөлігін түрмеде өтейтін болды. Сот қаулысымен оның бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

Қызылорда қалалық пробация қызметінде тіркеуде тұрған Р. есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Оған пробациялық бақылау орнатылып, электронды білезік тағылған еді. Алайда ол сот белгілеген міндеттерді жүйелі түрде орындамай, жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған.

Пробация қызметкерлерінің төрт рет берген ескертуіне де құлақ аспаған.

 – Бұл азамат жазаны өтеу тәртібін бірнеше мәрте бұзды. Соның үстіне мас күйінде болып, электронды құрылғысын өз еркімен үзіп тастаған. Жүргізілген тәрбиелік шаралар нәтиже бермеген соң, іс материалдары сотқа жолданды. Сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі – 1 жыл 8 айы – бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, ҚАЖД мекемесіне жіберілді. Жыл басынан бері жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған 18 сотталған мекемеге жіберілді, – деді мекеме қызметкері Гүлнұр Байсариева.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

.

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Олжас Бектенов

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

Ақша

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Ақша