USD
USD
USD

Қызылордада полицейді қағып кеткен мас жүргізуші ұсталды

Қызылордада полиция қызметкерін көлікпен қағып, оқиға орнынан бой тасалаған мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 23 қаңтар күні сағат таңғы 05:30 шамасында Қызылорда қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкерлері Қорқыт ата көшесінің бойында Volkswagen Touareg автокөлік жүргізушісін жол белгілері талаптарын сақтамағаны үшін тоқтауын сұраған. Алайда ол – полиция талабына бағынбай, қалаға іргелес елді мекендегі Қарауылтөбе ауылына қарай қашып, күріштік алқабына түскен.

Тосқауыл жасауға көмекке келген полиция нарядының қызметкері Volkswagen Touareg автокөлігінің алдынан жаяу шығып тоқтатқан уақытта жүргізуші заңды талабына бағынбай, полиция қызметкерін қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Дер кезінде «Тосқауыл» арнайы жоспары енгізіліп, 32 жастағы күдікті ұсталып, орта дәрежелі масаң екендігі анықталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік айыптұрақта. Қазіргі таңда билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов