USD
USD
USD

Қызылордада пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды

Қызылордада пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс көлемінде бірнеше үйді үптеген әккі ұры ұсталды. Жедел уәкілдер бұрын сотты болған 30 жастағы тұрғынды облыс орталығының аумағында кезекті ұрлық үстінде ұстады.

Тергеу барысында аталған күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күштеп ашу арқылы үй ішіне заңсыз кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап келгендігі анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 6 млн теңге болды. Бүгінгі күні күдіктінің қала аумағында 8 пәтер ұрлығын жасағандығы анықталып, өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.