USD
USD
USD

Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер саны сегізге жетті

Ішкі істер министрлігі Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендерге қатысты тергеудің мән-жайын бөлісті, деп хабарлайды Қазинформ. 

жасөспірім
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Ведомство дерегіне сәйкес аталған іс Қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-бөлігі «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту» бойынша тергеліп жатыр.

«Сонымен қатар қылмыстық іс аясында бірнеше бап бойынша тергеу жүріп жатыр, оның ішінде притон ұйымдастыру, бопсалау, есірткі тұтынуға итермелеу, азаптау және т.б. бар», – делінген министрлік жауабында.

Бұдан бөлек іс аясында 8 күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпас шарасы тағайындалған, бір адам үйқамаққа алынған.

Бұл дерек бойынша жүргізілген қызметтік тексеріс барысында лауазымды тұлғалар, Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатаң сөгіс жарияланды.

Еске салайық, бұған дейін Қызылордада сыныптастары 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлегені белгілі болған.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком