USD
USD
USD

Қызылордада көпсалалы спорт кешенінің құрылысы жоспарланды

Қызылорда қаласында өңірдің спорттық және мәдени инфрақұрылымының маңызды нысанына айналатын заманауи спорт кешені салынады.

Қызылорда
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Мемсараптама» РМК Қызылорда қаласында «Қызылорда Арена» көпфункционалды спорт кешенін салу жобасына оң қорытынды берді. Жаңа нысан спорттық жарыстар, мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын өткізуге арналған.

Құрылыс алаңы Сұлтан Бейбарыс пен Әбдуали Спанов көшелерінің қиылысында, Сырдария өзенінің оң жағалауында, қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. 2,1177 га жер учаскесі бұрын ашық спорт алаңдары ретінде пайдаланылған. Жаңадан бой көтеретін нысан қаланың орталық бөлігіне жақын болуы келушілерге өте ыңғайлы болмақ.

Жобаға сәйкес кешеннің аумағы арена ғимараты мен шаруашылық аймағын қамтиды. Жобалау кезінде барлық санитарлық және өртке қарсы нормалар, сондай-ақ келушілер мен көлік ағындарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар сақталған.

Су жаңа аренада 2074 орынды әмбебап спорт залы мен 462 орынды трибунасы бар бассейн болады. Сондай-ақ, әртүрлі спорт залдар, медициналық қызмет көрсету бөлмелері, қоғамдық тамақтану объектілері болады. Ғимараттың бірінші қабатында арнайы аудармашылар мен операторлар отыратын 150 адамға арналған үлкен конференц-зал ашу жоспарланған, бұл халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net