USD
USD
USD

Қызылордада көлік ұрысы қылмыс үстінде қолға түсті

Қызылордалық полицейлер автокөлік ұрысын кезекті қылмыс үстінде ұстады. Ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы сатқан, – деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Қызылорда қаласында автокөлік заттарын ұрлауды кәсіп етіп, табыс көзіне айналдырып келген ұры құрықталды. Ол кезекті ұрлық үстінде ұсталды. 5 қала тұрғынының көліктеріне ұрлыққа түскен күдікті Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны болып шықты. 19 жастағы жігіт автокөліктердің ашық қалғанын пайдаланып, ішіне заңсыз кіру арқылы автомагнитола мен өзге де автокөлік аксессуарларын ұрлап келген.

Бұдан бөлек, ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, сатып отырған. Жәбірленушілерге тиесілі айғақ заттар тәркіленді.

Бүгінгі күні бұл күдіктінің қала аумағында тіркелген осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.


Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты