USD
USD
USD

Қызылордада «Даму бала» платформасы арқылы 88 млн теңге жымқырғандарға сот үкімі шықты

Қызылорда қаласында балалар спортын және шығармашылығын қолдауға арналған «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шығарылды.

ҚМА
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Аталған қылмыстық іс Қызылорда облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаментімен жүргізілді.

Тергеу барысында анықталғандай, мониторингтік топ құрамында болған қатысушылардың бірі, өзінің қызмет бабын пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерге тексеріс нәтижелерін «оң шешіп береміз» деген желеумен ақша бопсалаған.

Нәтижесінде олар 88 млн теңгеден астам қаражатты алған, оның бір бөлігі коттедж және автокөлік сатып алуға жұмсалған.

Соттың санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.

Сот үкімімен басты айыпталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды. Оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті